24
сентябрь
2019
Обучающий семинар по работе на электронном портале EGOV"

«Канонерка орта мектебі» КММ ата-аналарға және ауыл тұрғындарына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары Илья Александрович Беленков Еgov порталында мектеп және ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс істеу бойынша оқыту семинарын өткізді. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуды насихаттау мақсатында ақпараттық іс-шаралардың бірнеше түрі өткізілді, нәтижесі ретінде бір жыл ішінде мектепке азаматтардан жүзден астам өтініш келіп түсті.Жазғы уақыт ішінде ғана мектепке 75 азамат өтініш білдірді. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандартына сәйкес ата-аналар тізбеге сәйкес 1 және басқа да сыныптарға, мектепке дейінгі дайындық сыныбына және толық күнгі шағын - орталыққа балаларды қабылдау үшін барлық қажетті құжаттар мен ЭЦҚ ұсынды. Сондай-ақ, жаз мезгілінде азаматтардың телнұсқаларын беру бойынша 5 өтініші болды. Еgov электрондық порталы адамдардың өмірін әлдеқайда жеңілдетеді, артық ауыртпалық пен шығындардан арылтады.